Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші:___________Конысова  Н.А.

Ұстаздар  күніне  арналған

«Ұстаздар-ұлы тұлғалар!»

атты тәрбие сағаты

«Болашақ»  МАД тобы

Тәрбиеші: Қайрат.Н

Талғар,2022-2023 оқу  жылы

Тақырыбы: «Ұстаздар-ұлы тұлғалар!»

Мақсаты: Ұстаздарды құрметтеуге,сыйлауға баулу.Өз ойларын жеткізе білуге, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекі-құралдар:Ұстаздар туралы суреттер,слайд

Тәрбиеші:Құрметті  балалар!

Құйылады жыр ағын,

Көптен дара тараған.

Құтты болсын мерекең,

Заңғар тұлға мұғалім.

Тәрбиеші: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»-деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті балаларымыздың ұстаздарға арналған тақпақтарын тыңдаңыздар.

Айсана:

Ұстаз бізді білім беріп өсірген,

Қатемізді әрқашанда кешірген.

Өмір жолы қиын жол деп әрқашан,

Тәрбиелеп, ақылды қылып өсірген.

Алихан:

Ұстаз деген қасиетті киелі,

Оны барлық адамдар да біледі.

Айтып қана қоймайықшы сыйлайық,

Ата-анадай юолған жанды құрметтеп.

Аянат:

Ұстаз болу-жүректің батырлығы,

Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу-мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның ақындығы.

Тәрбиеші:Алдымызда тұрған ермексаз,түрлі-түсті бояу,түрлі-түсті карындаштардың ұнағанын өзімізге алып ,ұстаздарымызға гүл жасаймыз.

Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»

Ойын шарты: Орындықта 2 букет гүл тұрады. Әуен тоқтағанда букеттегі гүлді қыздарға жылдам беру.

Тәрбиеші: Мерекемізді тақпақтармен жалғастырайық.

Нұрғали:

Ардақты мұғалім,

Білімнің бұлағым.

Таусылмас сен жайлы,

Тасқында жыр әнім.

С Айзере:

Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғылым да,

Ұстазсыз болмайды.

А.Димаш:

Мереке күніңмен,

Құттықтап бүгін мен.

Ойыма ой қосам,

Сен берге сеніммен.

Тәрбиеші:

Үйретіп өмір ұстамын,

Үлгілі іске нұсқадың.

Ақ көңіл іскер қашанда,

Слайд: «Ұстаздарды құттықтаймыз!»

Тәрбиеші: Балабақшаның басты тұлғасы, жүрегі-Тәрбиеші.Тәрбиеші дегеніміз ол-ұстаз.Егемен еліміздің ертеңін ойлар, білімді де, саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін, ұлтжанды, парасатты азаматтар тәрбиелеуде ұстаздың еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Тәрбие сағатымызды «Ұстазым» әнімен аяқтаймыз.

Тексерілді: