«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай балабақша» МКҚК
Меңгерушісі------------------- Конысова Н.А
Ұстаздар мерекесіне арналған
«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»
атты тәрбие сағаты
Тәрбиеші: Салимбаева М.
«Балапан» кіші топ
Талғар қаласы, 2022 ж.
Мақсаты:Ұстаздың білім берудегі орны, оның адамгершілігі, мейрімділігі жайында балалардың ұғымын кеңейтіп,олардың ақыл ойын дамыту. Дүниетанымын, шығармашылық қаблетін арттыру, сондай-ақ мұғалімді қурметтеуге оның еңбегін бағалап.жақсы жақтарын үлгі етуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі:ұстаздар туралы түсінігін кеңейту:
Игереді: берілген жұмыстарды тыйанақты орындауды;
Меңгереді: ойын арқылы қалыптастыру;
Көрнекіліктер:Ұстаз туралы мазмұнды суреттер, ойыншықтар.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атырды,
Күн шапағы шашылды.
Сәлеметсіздерме, балалар,
Саламатсыздарме. ұстаздар!
Тәрбиеші:
-Балалар, жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың күз мезгілі.
-Күз мезгілінде неше ай бар?
-Күз мезгілінде үш ай бар.
-Қане айтайықшы қандай-қандай?
-Қыркүйек,Қазан.Қараша.
- Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Күз мезгілінде күн салқын болады, жапырақтар сарғайып түседі.
-Күз мезгілінде қандай мереке бар?
-Білім күні.
- Жарайсыңдар, балалар! Тілдер мерекесі бар және осы күз мезгілінде болатын тағы бір мереке ұстаздар күні. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы осы мерекеге арналған «Ұстаз ұлы – тұлға» деп аталады. Балалар , ұстаз дегеніміз кім? Сендер оны қалай түсінесіңдер?
Балалардың жауабы:
Ұстаз біздің екінші анамыз бізге білім, тәрбие береді.
Тәрбиеші:
Дурыс айтасыңдар, балалар. Біз балабақшаға келмей тұрып біздің бірінші ұстазымыз ол –анамыз, ал балабақшада тәрбиешіміз. Мектепте мұғаліміміз барлығы сендердің білім алуларың, тәлім-тәрбие алуларың үшін еңбектенеді. Ұстаз кімге сабақ берген?
Балалардың жауабы:
-Әншіге де, жыршыға да, жүргізушіге де бишіге де.
-Дурыс айтасыңдар, балалар, барлық маман иелері осы ұстаздың алдынан өткен. Балалар, ұстаздар туралы қандай жыр шумақтар білеміз?
Қане, еске түсірейікші. Кім айтады?
Алихан:
Халқым жетсін муратқа,
Ұстаздарды ардақта.
Тәрбие жолын бастаған,
Ұстаз деген ұлы атта.
Алтынай:
Ұстаздардың анасы,
Балалардың панасы.
Ұстаздарды сүйеміз,
Әдеппен бас иеміз.
Жанайым:
Мереке күніңмен,
Құттықтап бүгін мен.
Ойыма ой қосам,
Сен берген біліммен.
Тәрбиеші: Балалардың бақшасында бүгін той
Ұстаздардың күні бүгін біліп қой, - деп қорытындылай келе балалардан деңгейлік сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.
Тексерелді: