Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай балабақша» МКҚК

Меңгерушісі------------------- Конысова Н.А

Ұстаздар мерекесіне арналған

«Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік»

атты тәрбие сағаты

Тәрбиеші: Жилыбаева Ж.

Шоран Ү.

«Лашын» кіші топ

Талғар қаласы, 2022 ж.

Мақсаты:Ұстаздың білім берудегі орны, оның адамгершілігі, мейрімділігі жайында балалардың ұғымын кеңейтіп,олардың ақыл ойын дамыту. Дүниетанымын, шығармашылық қаблетін арттыру, сондай-ақ мұғалімді  қурметтеуге  оның еңбегін бағалап.жақсы жақтарын үлгі етуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:ұстаздар туралы түсінігін кеңейту:

Игереді: берілген жұмыстарды тыйанақты орындауды;

Меңгереді: ойын арқылы қалыптастыру;

Көрнекіліктер:Ұстаз туралы мазмұнды суреттер, ойыншықтар.

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атырды,

Күн шапағы шашылды.

Сәлеметсіздерме, балалар,

Саламатсыздарме. ұстаздар!

Тәрбиеші:

 -Балалар, жылдың қай мезгілі?

- Қазір жылдың күз мезгілі.

 -Күз мезгілінде неше ай бар?

 -Күз мезгілінде  үш ай бар.

  -Қане айтайықшы қандай-қандай?

  -Қыркүйек,Қазан.Қараша.

  - Күз мезгілінің  ерекшеліктері қандай?

   - Күз мезгілінде күн салқын болады, жапырақтар сарғайып түседі.

    -Күз мезгілінде қандай мереке бар?

    -Білім күні.

    - Жарайсыңдар, балалар! Тілдер мерекесі бар және осы күз мезгілінде болатын тағы  бір мереке ұстаздар күні. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы осы мерекеге арналған «Ұстаз ұлы – тұлға» деп аталады. Балалар , ұстаз дегеніміз кім? Сендер оны қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауабы:

Ұстаз біздің екінші анамыз  бізге білім, тәрбие  береді.

Тәрбиеші:

Дурыс айтасыңдар, балалар. Біз балабақшаға келмей тұрып біздің бірінші ұстазымыз ол –анамыз, ал балабақшада тәрбиешіміз. Мектепте мұғаліміміз барлығы сендердің білім алуларың, тәлім-тәрбие алуларың үшін еңбектенеді. Ұстаз кімге сабақ берген?

Балалардың жауабы:

-Әншіге де, жыршыға да, жүргізушіге де бишіге де.

-Дурыс айтасыңдар, балалар, барлық маман иелері осы ұстаздың алдынан өткен. Балалар, ұстаздар туралы қандай  жыр шумақтар білеміз?

Қане, еске түсірейікші. Кім айтады?

Алихан:  

                                    Халқым жетсін муратқа,

                                      Ұстаздарды ардақта.

                                       Тәрбие жолын бастаған,

                                      Ұстаз деген ұлы атта.

 Алтынай: 

                                       Ұстаздардың анасы,

                                        Балалардың панасы.

                                         Ұстаздарды сүйеміз,

                                          Әдеппен бас иеміз.

Жанайым:

                                          Мереке күніңмен,

                                          Құттықтап бүгін мен.

                                           Ойыма ой қосам,

                                         Сен берген біліммен.

Тәрбиеші:    Балалардың бақшасында бүгін той      

                      Ұстаздардың күні бүгін біліп қой, - деп қорытындылай келе балалардан деңгейлік сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.

Тексерелді: