«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы» МКҚК
Меңгерушісі______________Конысова Н.А.
Ұстаздар мерекесіне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ұстаз -ұлы есім!»
«Балдәурен» ересек тобы
Тәрбиешілер: Суюмбаева Р.А
Ахылбекова А.З
Талғар, 2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: « Ұстаз –ұлы есім!»
Мақсаты: Ұстаздарды құрметтеуге баулу .Бала бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту . Сөздік қорын байыту.
Тәрбиеші: Ұстаздарға арналған тәрбие сағатымызды бастай отырып, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз.
Балалар шеңберге жиналып қонақтарға жылы лебіздерін білдіреді:
Жылулық шеңбері:
- Аспанымыз ашық болсын!
- Денсаулықтарыңыз мықты болсын!
-Бақытты болыңыздар!
- Жүректеріңіз күліп тұрсын!
Мектептің тірегі, әрі жүрегі - ұстаз. "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға", - деп Абай атамыз айтқандай "Ұстаз" сөзі ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз. Алдымызда отырған балалардың бір-бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан да осы сағатымызды ұстаздарға арнаймыз. Сіздердің шәкірт тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін!
Балалардың тақпақтары:
1б . Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке.
Құттықтаймыз шын жүректен сіздерді,
Өмір - думан, бақ әкелсін мереке!
2б . Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар, жанды ұғып?!
Ұстаз деген ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік.
3б . Ұстаз деген жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген анасы ол адамның.
Бүкіл адам мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың!
"Ұстазым" әні орындалады.
Бала тілі бал демекші, келесі балдай балаларымыздың ұстаз туралы тақпақтары мен нақыл сөздерін қабыл алыңыздар
4б. Ұстаз деген ұлағатты сөз.
5б. Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы.
6б. Ұстаздар ұлттық тірегі,
Ұстаздар мектеп жүрегі.
Ұрпаққа жетер ұстазбен,
Халықтың ұлы тілегі.
7б. Хан бол мейлі, қара бол,
Дарын бол мейлі, дара бол.
Өтетін бәрі алдынан,
Ұстаздар бейне сара жол.
8б . Білімнің кілтіндей ,
Оқуға іркілмей .
Қамқоры ұл қыздың,
Мұғалім ол біздің.
- Құрметті ұстаздар, балалар! Ұстаздар күніне арналған тәрбие сағатымызды жүрекжарды тілектермен аяқтағымыз келеді:
Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын!
Білімімен суарған шәкірттерін
Төл мерекең ұстаздар, құтты болсын!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!