Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші______________Конысова Н.А.
Тақырыбы:
атты тәрбие сағаты
«Жас ұлан» мектепалды топ
Тәрбиеші : Умбетова Н.Б
Талғар, 2022 ж.
«Ұстазыма мың алғыс!»
Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, айналамен таныстыру, балабақша мектеп, мұғалім, оқушы, білім, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру. Үлкенді сыйлау, еңбекті бағалау, еңбек ете білуге, өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге баулу, тәрбиелеу. Ұстаз туралы мағлұматтарын кеңейтіп, ұстазды сыйлауға, бағалауға үйрету.
Көрнекілігі: слайдтар, нақыл сөздер.
Тәрбиеші: Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы, - деп ақын Ғ. Қайырбековтың жырлағандай, сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» , өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
М. Ғабдуллин: «Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді» - деген.
«Ұстаз болу өзгенің бақытын аялау, өз уақытын аямау» - ұстаздық қызметтің бұдан артық анықтамасы болмас!
«Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты» - деп жыр жазған.
Ұстазын құрметтеген қаншама ақындарымыз небір өлең шумақтарын өмірге әкелді. Енді сол өлең жолдарымен ұстаздарға деген балалардың ықылас, пейілін тыңдайық:
Мирас: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына,
Енді қайық саламыз.
Асима: Біз бақытты баламыз
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Әріптерді саламыз.
Қазына: Алты жасқа жеткенім,
Еркеліктен кеткенім,
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме беттедім.
Алиасқар: Сәлем саған мектебім,
Сәлем білім ордасы.
Жасыл бақты көктемім,
Жастық шақтың жолдасы.
Шахан: Алақайлап жүрегім,
Қуанышқа толып тұр.
Асыққан қыркүйегім,
Қоңырауын соғып тұр.
Бағым: Мектеп - білім ордасы,
Мектеп - қамқор анашым.
Оқып білім аламын,
Өнерпаз болып өсетін
Мен оқушы боламын.
Ән: « Ұстазым менің ұстазым».
Кәусар : Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте!
Шахан : Ана тілің біліп қой,
Бостандығың, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың, елдігің.
Тәрбиеші:
«Кім тапқыр». Жұмбақ шешу.
. Иесі оның сәби,
Әрі төсек,
Әрі үй. (бесік)
Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,
Мінсең қанат, сүті дәрі
Еті тамақ. (жылқы)
Төрт аяғы, арқасы бар,
Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (орындық)
Жесең ащы,
Көзіңнен шығарар жасты. (пияз)
Бала біткен соғады
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары
Жерге түсер домалап. (доп)
Қабат- қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап)
Қайда жүрсең, қосарлана шабады,
Үйге кірсең, босағада қалады. (аяқ киім)
Бары – жоғын білмейді, онсыз өмір сүрмейді. (ауа)
Ойын:
Кім жылдам? Берілген буын, сөздерді оқу.
Тәрбиеші: - балалар, бүгін бізде қандай мереке?
Олай болса,
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшінде қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.
Сен бүгін керемет боп кетсең дағы,
Айқын: Ұстаз - ұлы есім. Батырды да, дананы да туған ана десек, сол батырды да, дананы да тәрбиелеген ұстаз дер едім. Ең алдымен қолыңнан жетектеп жол сілтейтін ұстаз емес пе? Ұстаздарға мың алғыс!
Әдемі : Ұстаздар - ау сізге теңдес бар ма жан,
Өнерің мен біліміңе таң қалам.
Осы өмірде бәрі ұстаздан басталып,
Ұстаздардан жаралғандай бар ғалам.
Тәрбиеші:
«Ұстаздарға мың алғыс» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Хор: Ер жетеміз, өсеміз,
Елге қызмет етеміз.
Мұғалімнің айтқанын
Мықтап миға тоқимыз.
Сөз береміз сіздерге
Кілең беске оқимыз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
