Тақырыбы: «Тәуелсіз елім ,кең байтақ жерім !»
Мақсаты:
- Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, балаларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
- Балалардың туған өлкемізге деген сүйіспеншілігін, сезімдерін ояту.
- Елін, жерін сүюге, Отанын қастерлеуге, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Интербелсенді тақта, түрлі жайма қағаздар.
.Шаттық шеңберді орындау:
Ашық болсын күніміз,
Биікте тұрсын туымыз.
Тату-дос боп халықтар,
Бақытты болсын балалар.
Тәрбиеші: - Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды еліміздің
Гимн мен бастайық.
-Қазақстан Республикасының гимні.
Тәрбиеші сөзі :
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Жұртым менің не қиындық көрмеді?
Жылап тұрып аналарым бұл жолда,
Сан перзентін қара жерге жерледі.
- Тәуелсіздік таңы атты, тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік бізге оңай келмеді.
Асауаттай өзтізгінін бермеді.
Қазағымның алтын басын и ілтіп,
Талай дұшпан төрімізге төрледі.
Тәрбиеші :
1986 жылы 16 – желтоқсанда таң ертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әр бір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,- дегенкінәтағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында ҚайратРысқұлбеков, Ләззат Асанова, ЕрболСыпатаев, Сәбира тағы басқалары сияқты қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды.
Сұрақ – жауап әдісі :
- Отан дегеніміз не? Оны қалай түсінесіңдер?
- Біздің Отанымыз -....
- Біз қай ұлтпыз?
- Қандай Республикамыз?
- Біздің ана тіліміз қандай тіл?
- Балалар, біз қандай елміз?
- Желтоқсан оқиғасы қашан, қайда болды?
Сонымен қатар біздің рәміздеріміз бар. Кәне, рәміздерді атап шығайықшы.
( Гимн, көкбайрақ, елтаңба)
Айқын
Қазақстан Республикасының Гимні - бірлікке, ынтымаққа, достыққа қызмететті. Жастарды ерлікке, қайсарлыққа, еліміздің тәуелсіздігін қорғауға шақырады.
Нұрай
Көк байрақтың ортасындағы шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, тік бұрышты көгілдір мата, матаның сол жағында өрнегі бар.
Нұрасыл
Елтаңбаның көркемдік шешімі: шаңырақ, жұлдыз, сондай – ақ аңызға айналған қоспырақ. Қазақстан деген жазуы бар.Қанатты пырақ биік самғайды, болашақ жайлы армандауды білдіреді.
Би : «Бозжорға»
Ернұр :
Сол бір сәтте бұлт торлады аспанды,
Алатаудың көзінен де жас тамды.
Тәуелсіздік желтоқсан мен бітпейді.
Тәуелсіздік күресіенді басталды.
Бақбосын.
Қатыгездік жұдырығы түйіліп,
Қамшы йірді жасқап, жекіп бұйырып,
Желтоқсанда шықты үлкен алаңға
Ата - баба аруағына сыйынып.
Көркем
Сол желтоқсан оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұрсепті. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болдық.
Елжан
Желтоқсандық ерлерді есте сақтаймыз,
Ерлік ісін, аманатын сақтаймыз.
Отанүшінотқатүссеңкүймейсің,
Ізбасарыболмайелгежақпаймыз.
Тәрбиеші сөзі :
-Балалар ,Елбас Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 - желтоқсан Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Желтоқсан құрбандарын еске алайық (1 - минут үнсіздік)
Ән: «Отаным менің»
Жібек
Астана біздің сәніміз,
Білім біздің нәріміз
Азат елдің тірегі
Болайықшы бәріміз.
Кәусар:
Нұр атаның жолдауы
Халықтың оны қолдауы
Бақыты үшін елінің,
Болмайды еш сөз дауы!
ХорменҚазақстанТуыментұғырлы,
Елтаңбасыменеңселі.
Али :
Жарқырап атар таңы бар,
Жарқылдап айтар әні бар.
Әні бар, теңіздәні бар,
АйналдымсененОтаным!
Ұлпан
Елім бар да мен бақыттыұланмын.
Елімсүйсе, сеніміненшығармын.
Елімменіңкөтермесеелдігін
Намысымныңбиігіненқұлармын.
Шығармашылық жұмыс :
:Тәуелсіз елміздің рәміздерінің суретін салу.
Қорытынды
Сонымен балалар, бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрып, Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы
. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай етіп құрметтеп, келер ұрпақтар қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Еліміздіішкі – сыртқы дұшпандардан қорғауға міндеттіміз.
Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақХор: Көк тудың желбірегені !
Тексерілді :
«Бекітемін» :
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»
Менгерушісі:Конысова Н.А
«Тәуелсіз елім,кең байтақ жерім !»
атты тәрбие сағаты
«Аққу» мектепалды топ
Тәрбиеші : Умбетова БТалғар ,2022ж“
