«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі__________Конысова Н.А
Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі -Тәуелсіздік!»
«Балдәурен» ересек тобы
Тәрбиешілер: Суюмбаева Р.А
Ахылбекова А.З
Талғар, 2022-2023 жж
Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі –Тәуелсіздік!»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы түсініктерін кеңейту. Желтоқсан батырларын, құрбандарын мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру .Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ән ұраны орындалады.
Тәрбиеші: Отан деген –Атамекен.
Отан деген -Туған жер.
Отан -Ана .
Отан -Үлкен .
Қазақстан -туған ел.
Біздің Отанымыз –Қазақстан. Біз Тәуелсіз егеменді елміз. Тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1986 жылы 16 желтоқсанда Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды. Содан бері 31 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.Ата –бабам аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Ән: «Тәуелсіз елдің ұланы»
Тақпақтар:
Кәусар:Тәуелсіздік таңын сүйем ,
Таңмен бірге келді ме өлең.
Көк туына басымды ием,
Көгімізде желбіреген.
Айерке :Аласармас аспанымда,
Күнмен гүлдеп ел өседі.
Қазақстан аспанында.
Бостандықтың желі еседі.
Ернұр :Әнді алысқа жеткіземіз,
Көкке елдің туы ілінді
Жылда той қып өткіземіз,
Тәуелсіздік ұлы күнді.
Айсұлтан:Отаным -трегім ,
Отаным -жүрегім.
. Отаным – жігерім,
Отаным – білерім.
Тоғжан: Отанды біз Атамекен
деп аялап атаймыз,
Өйткені оны мекен еткен
Бабамыз бен атамыз .
Жәнібек: Маған қымбат ұлы елімнің .
Шешек атқан әр гүлі.
Аялайды бәрімізді,
Азаттықтың таң нұры.
Аяла :Сарыарқаның даласында,
Күн шуағын төккен күн.
Елім менің, жерім менің,
Баққа қолы жеткен күн.
Асқар: Отанды жас кәрімізде
Туған жер деп сүйеміз,
Өйткені онда бәріміз де
Туып,өмір сүреміз.
Отанды әркім анасындай
Қастерлейді ,бағалап.
Би: « Асық » топтық .
Б.Алихан:Тәуелсіздік ұлы күнім,
Тұрсын жайнап төбемде.
Сен, жасай бер мәңгі бақи,
Қуанышқа бөлен де.
Керей: Тәуелсіздік –
Бақ туын.
Қолға ұстаған сәт бүгін,
Болсын дәйім шат күнім.
Балабақша серпін нық
Көкке атады бөркін жұрт.
Алихан:Тәуелсіздік –ынтымақ,
Тәуелсіздік еркіндік.
Айбатыр:Тәуелсіздік – ел болу
Ынтымақпен өрге озу.
Еркін және өзге елмен,
Терезесі тең болу.
Батыр : Желтоқсанның ызғары-ай
Кірпікке қатқан мұздар-ай
«Елім-ай» деп егілген,
Қаһарман ұлдар, қыздар- ай
Алуа : « Отан –оттан да ыстық » ,
Т.Аиша: « Отансыз адам, ормансыз бұлбұл »
Амира: « Отан -елдің анасы, ел -ердің анасы »
Айнара: Пайдалы қазба кені бар.
Ұлан байтақ жері .
Тәуелсіз ел - Қазақстан,
Көркіне көркі жарасқан.
Айлина: Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!
Мирас: Отаным менің Қазақстан!
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер, жаса Қазақстан!
Ажар: Біз бақытты баламыз,
Тәуелсіз елдің ұланы.
Мәңгі жасап ,гүлденеміз,
Ұлы елдің қыраны.
Алижан:Сарылып күткеніміз ақ таң екен.
Тәуелсіз қазағымды мақтан етем.
Р.Аиша: Елтаңба, Көк туымды биік ұстап.
Әнұранды бас иіп жаттап өтем.
Айкөркем:Тәуелсіздік жолында
Талай талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім - Елтаңбам.
Ақжібек: Өз Отаным - маған күн ,
Мен басқаны ұқпаймын.
Әкем менен Анамның
Айтқанынан шықпаймын
«Отан- отбасынан басталады» -деген мақал –мәтелдердің мағынасын түсініп, туған халқымыздың тарихын, батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін, жеріміздің байтақтығын, байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап, көкейге түйіп, елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз, бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті, жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді, дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа - ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз.