Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 Тақырыбы: «Желтоқсан жаңғырығы!»

 Мақсаты: Тәуелсіздік  туралы  түсініктерін кеңейту. Желтоқсан батырларын, құрбандарын  мәңгі есте сақтау. Жас ұрпақ бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру .Отансүйгіштікке  тәрбиелеу. 

Тәрбиеші:  Біздің Отанымыз –Қазақстан. Біз  Тәуелсіз егеменді елміз. Тәуелсіздігімізді  1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. 1986 жылы 16 желтоқсанда    Ербол Сыпатаев, Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова тағы басқа жап-жас аға-апаларымыз құрбан болды.  Содан бері 31 жыл өтсе де бұл азаматтарды ұмытпай әр жыл сайын басымызды иіп, еске аламыз.Ата –бабам  аңсаған Тәуелсіздікке қол жеткіздік.

-Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?
-Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.
 Тәрбиеші:Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  ән ұраны  орындалады.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар,жоғарғы жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов

Балалардың орындауында тақпақтар:
 Аяна:

Тәуелсіздік таңы атты,

Барлық әлем жаңарып.

 Осы тұрған халқыма

Бейбітшілік орнады.

Жанали:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

Ерке:

Он  алтыншы желтоқсан ,

Тәуелсіздік алған күн .

Мерекеге ел тосқан,

Атамменен барған мын.

Нұрай:

Тәуелсіздік еліміз,

Мәңгі жасар жеріміз.

Тәуелсіздік жасаған ,

Аға ,әпкелеріміз.

Ж.Медина

Отан елдің анасы,

Отан жердің анасы.

Бақытты ғой дәл мендей,

Тәуелсіз елдің баласы!

Жанайым

Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбат әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі!

Ән: «Тәуелсіздік ел ұраны!»

Шығармашылық сәт:

Тәрбиеші:

Ал енді балалар тудың суретін қағаз бетіне сауатты бейнелеп ұйренеміз. Мемлекеттік тудың ортасында отыз екі сәуле тараған, күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар. Ал тудың шетінде ұлттық оюлармен бейнеленген. Күн, қыран және оюды сары түспен бояймыз.
Сергіту сәті

Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді тігеміз
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын!

Қорытынды:
- Сонымен балалар біздер бүгінгі тәрбие сағатымызда Отанымыз Қазақстан туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы әңгімелестік.

Біз тәуелсіз елде тыныш өмір сүріп жатырмыз.

Аспанымызда әрдайым күніміз жарқырап тұрсын деген ниетпен бәріміз жапсыру тақтаға шуақты күннің бейнесін жапсырайық.

Бүгінгі тәрбие сағатына жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа рахмет!

«Бекітемін:»

МКҚК «№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы»

Меңгерушісі______________Конысова Н.А

Тәуелсіздік күніне арналған

«Желтоқсан жаңғырығы!»

атты тәрбие сағаты

Тәрбиешілері:Шортанбаева. Ж

Тыныбекова. С

«Ботақан» ортаңғы тобы

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы.