Бекітемін:
« №7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі:Н.А.Конысова
Тәуелсіздік мерекесіне арналған
«Еліміздің еркіндігі – тәуелсіздік!»
атты тәрбие сағаты
Балапан кіші тобы
Тәрбиешілер:Шарбекова Г.
Салимбаева М .
Талғар, 2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру. Рәміздерімізді қастерлеуге үйрету. Өз Отанын сүюге, халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға, ұлтжандылыққа, достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .
Тәрбиеші : Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды . Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдермен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.
Барша халық таныған,
Біздің үміт тілекті .
Шырқалғанда Әнұран,
Шаттық кернеп жүректі .
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Бәрі де сенің Отаның,
Бойыңды биіктететін.
Рухына балап атаның,
Өлгенше сүйіп өтетін.
Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.
-Отан дегеніміз – адамың туып – өскен жері, туған – туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені .
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Шаттық шеңбер:
Ашық болсын күніміз,
Биікте тұрсын туымыз.
Тату-дос боп халықтар,
Бақытты болсын балалар.
Тақпақтар:
Алдияр:
Отан деген - атамекен,
Отан деген – туған жер
Отан – ана, Отан үлкен ,
Қазақстан – туған ел !
Алина:
Отан ұран ,Отан – туым ,
Отан мәңгі гүлденеді
Ән: Отан
-Балалар , ал еліміз туралы не білеміз.
Тәрбиеші: Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді .
Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.
Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады.
Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды .
Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді
Тәрбиеші: Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .
Ұлттық ойын: Арқан тарту.
Тәрбиеші : Балалар , сендер Отан ,Қазақстан , туған жер туралы тақпақтарды өте көп біледі екенсіңдер ! Жарайсыңдар !
Тәрбиеші: Балалар сендер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар .
Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер.
Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек?
Балалар:
Еңбек етуіміз керек .
Тәрбиеші:-Біздің қазіргі еңбегіміз не?
Балалар:- Оқу!
Тәрбиеші: Бүгін , міне ,Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық . Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!
Тексерген:
