Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»  МКҚК

Меңгерушісі  ________________ Конысова Н.А.

Тақырыбы : «Алтын күз!»
        Алтын күзге  арналған  ертеңгілік

«Жас қанат» МАД тобы

Тәрбиеші : ТлеубаеваЖ.

Талғар оқу жылы 2022-2023ж

  Тақырыбы: Алтын күз!
Зал мерекеге сай безендірілген. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп, орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! Бүгін «Күншуақ» тобының балалары дайындаған «Алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
- Қараңдаршы, бүгін біздің балалар қандай әдемі болып кеткен.

(Балалар орындарына отырады,тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
- Балалар, тыңдаңыздаршы бұл не шу?

(Жаңбырдың дауысымен залға бұлттар кыреды)

Күзгі көк бұлт біз боламыз

Көтеріліп теңізден .

Аспанға биік барамыз,

Қаласақ қазір сендерге,

Жаңбыр болып жауамыз.

(Балаларға жаңбыр шашады)

Жүргізуші:

Жаңбыр, жаңбыр жаумай тұр,

Дабылыңды соқпай тұр.

Саяғыңды түгендеп .

Үйіріңді соқпай тұр!

-Біздің қыздар сендерге  биін билеп берсін!

Би  «Тауыс» 

Бұлттар: Рахмет балалар билерің бізге ұнады. Өнерлі екенсіңдер.

Жүргізуші:Балалар бізге бұлттармен бірге көңілді , бірақ бізге күн жетіспейтін сияқты. Қане,  балалар бәріміз мейрамымызға күнді қонаққа шақырайық!

(Балалар орындарында отырып , қолдарын шапалақтап , аяқтарын тыпырлатып , күнді шақырады). Күн келеді.

Күн:

-Сәлеметсіңдерме, балалар !

Мен жарқырап төбеде,

Нұрын төгіп тұрамын.

Шуақ шашып бәріне,

Бала жанын ұғамын.

 Бұлттар:  

Біз бұлттармыз,  бұлттармыз

Қолымыздан ұстаймыз.

Көк аспанды торлаймыз,

Күнді жасырып қоршаймыз.

Жүргізуші:         

Көрінші бізге қымбатты күнім

Қуантшы бізді нұр шашып бүгін

Күн:         

 Қуантар ем бұлттар мені қоршап алды,

Көк аспанды қара бұлттар торлап алды

Шуағымды шаша алмаймын мен жерге

Желді  шақыршы көмектессін сендерге.

Жүргізуші: Күзгі жел, тез келші мұнда қалыспа

Бұлттарды ұшырып, қушы өте алысқа

(Музыкамен жел келеді)

Жел:           

 Мен күзгі желмін, өте жылдам желемін,

 Бұлттарды алысқа қуу үшін келемін.

Бұлттар:    Біз бұлттармыз, үлкее береміз,  (шеңберді үлкен жасайды)

Ашуымызға тисеңдер,

Жаңбыр болып нөсерлетіп төгеміз.

Жүргізуші:     

 Сұрғылт бұлттар! Біз сендерден қорықпаймыз,

Күнді сөндіре алмайсыңдар.

Күштіміз деп, мықтымыз деп

Мақтануды неге қоймайсыңдар?

Жел:  Балалар, бұлттар қанша мықты болса да олар желден қорқады. Сондықтан маған көмек керек, кәне бұлттарды үрлейікші, әйтпесе жалғыз шамам жетпейді.  (Бәрі үрлейді)

Бұлттар:  Ай, ай, ой, ой бізді қуып жатыр, қашайық.

                       (Жел бұлттарды қуып кетеді, күн қалады)

Жүргізуші:Мінеки балалар,  күзгі жел бұлттарды қуып әкетті. Ал шуақты күніміз ортамызда жарқырап тұр. Енді біздің мерекеміздің шырқын ешкім де бұза алмайды.
(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Уа, халайық, дархан далам армысың,
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін
Ханшайымы Күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен – Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Жүргізуші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!
Біздің балалар Күз туралы өлеңтақпақ, жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып, балалардың өнерін тамашалаңыз.

Ән: « Алтын күз»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар  балалар!Ал олай болса күз мезгілі туралы  тақпақтарымызды айтып берейік.

1.Айлин

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі 

  1. 2. Аяла

Жемісін мол теретін
Күз дос екен бізбенен                                                                                       

Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

3.Мунира

Күздің айы тамаша,

Жеміс жидек піседі.

Астықтар орылып,

Қоймаларға түседі.

  1. Ж.Айжұлдыз

Қара бұлт қабағын түйеді

Бұталар боз қырау киеді

Осы ма осы ма күз деген

Бақшаға баратын бізбенен

  1. Әділ

Алқаптағы бидайды,

 Қоймаға ел жинайды!

Тырнасы  тізілген,

Ұнатамын күзді мен !

  1. Айсултан

 Астық - жеміс жиылды.
Қамбамызға құйылды.
Ардақты  күз - мың алғыс.
Алдық өнім сыйыңды.

  1. Ильяс

Алтын сары қызыл көк,

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

  1. Алихан

Сап сары ғып даланы,

Бояптығой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

9.Алинұр

Күздің қазан айында,
Алма, алмұрт піседі.
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр - сыбдыр түседі 

Би: «Жігіттер» биі
 Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?
Күз ханшайымы: Иә, балалардың бәрі өнерлі екен.
 Жүргізуші: Қане, балалар, осындай молшылық Күз айында бір ойын ойнап жіберейік. Ол ойын «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды, ал қыздар екінші себетке жемістер жинайды.
Ойын: «Кім жылдам?»

Ойынның шарты: Жемістермен көкөністерді ажыратып жинау.
 Жүргізуші: Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз.
Күз ханшайымы: Жарайсыңдар, балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар.

Жүргізуші:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге Күз келді.
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді.
Жемістермен көкөністерді  қарсы алайық.
(Осы кезде әуен ойналады. Ортаға жемістер көкөністер шығады.)

  1. Аруна

Дәмі аузыңнан кетпейді,

Қызыл алма шырын бал.

Көктей тісің өтпейді,

Піскен кезде үзіп ал.

  1. Бексұлтан

Мен маржандай шиемін,

Күн сәулесін сүйемін.

Жемістерім піскенде,

Төмен басты иемін

  1. Темирлан

Дәнін егіп қиярдың,

Тыным таппай суардым,

Түйнектерін көргенде,

Бес алғандай қуандым.

  1. Ерали (Картоп)

Картоп біздің атымыз

Жер астында жатамыз

Бір тамырдан тараған

Ағайынбыз бәріміз

  1. 14. Н. Алихан

Күздің әрбір таңында,

Өзімнің бау бағымда

Жайылып жасыл желегім,

Менде өсіп келемін

  1. Кәусар

Қолмен үзіп аламын,

Себетіме саламын.

Жүзім терген кезімде ,

Нұр ойнайды жүзіме.

  1. Батыр

Тал шыбығым бұралып,

Ағаштарда қызарып.

Тұрған ол мен алмамын,

Күнге қарап ұялып.

  1. Айым

Нан анасы бидаймын,

Елге астық сыйлаймын.

Дақылдарым пыскенде,

Қауызыма сыймаймын

Ән: «».
Күз ханшайымы: Рахмет, балалар! Өнершіл - өрендерім! Міне, менің сыйлығым бір себет Күз сыйы. Сендерге денсаулық, шаттық және байлық әкелсін.
 Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі сыйлығына рахмет . Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз.
Күз ханшайымы:
Берекелі бақ дәулет
Артта түссін тойланып.
Сау болыңдар, балалар,
Келгенше жыл айланып.
(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)
Қош бол,Күз ханшайымы.
Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек.
 Міне, балалар  осымен «Алтын Күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Сіздерді  Күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін!

Тексерілді :

«Бекітемін:»

МКҚК «№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы»

Меңгерушісі______________Конысова Н.А

Мерекелік ертеңгілік

«Алтын күз!»

Тәрбиеші:  Рабатова Камажай

Музыка жетекешісі: Өмірбайқызы  Айгүл

«Күншуақ» ересек тобы

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы.