Тақырыбы: «Білімге ұмтылу,еңбек сүйгіштік ж/е патриотизм!»
Мақсаты:Балаларға 1-қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру.
Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Өз туған еліне, жеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:мемлекеттік рәміздер, суреттер, қоңыраудың суреті түрлі түсті қарындаштар.
Блингвальды компонент: ту-флаг, елтаңба-герб, қоңырау-колокольчик
|
Көрсетілім |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушылық |
Шаттық шеңбері |
Балалардың барлығы қатысады. |
|
Ұйымдастырушылық |
-Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі тәрбие сағатымызды білім күніне, 1 қыркүйек күніне арналған. 1-қыркүйек күні барлық балалбақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді). Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер. Қазақстан Республикасының рәміздерін есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз. Балалар,айтыңдаршы,бізқайРеспубликадатұрамыз? Балалар:БізҚазақстанРеспубликасында тұрамыз. Тәрбиеші: Дұрыс.Қазақста Республикасының Президенті кім? Балалар:Қасым Жомарт Тоқаеев Тәрбиеші:Өтежақсы Біздің ҚазақстанРеспубликасыныңелордасықайқалада? Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер. Ал, балалар, енді бізге кім Отан туралы тақпақ айтып бергісі келеді. Еркежан Отан – ана, Отан – жер, Отан – дана, Отан – ел. Отан – сенің ата-анаң, Отан – досың, бауырың, Отан – өлкең, астанаң, Отан - аудан, ауылың. Мансур: Біз балдырған тең басқан. Дос құшағын елге ашқан. Тілегіміз – бейбіт күн, Ашық болсын кең аспан. Тәрбиеші: Міне, осындай тату тәтті, бақытты мелекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметімізді жалғастырайық. Аружан Қанатым талмайды. Қиялым самғайды, Ақын да, ғалым да. Ұстазсыз болмайды.
Айзере: Келгенімде алдыңа, Қызыл арай гүл алып Жақын тартып жаныңа, Шәкіртім деп қуанып. Нұрали Сәлем саған балабақшам, Алғыстарым көп менің. Оқу, білім, тәрбие, Ой санама еккенің. Алпамыс Балабақшам – айтар әнім, Сан рет қайталадым. Өзіңнен алғанымды, Өзіне қайтарамын. Қане балалар олай болса бірінші қыркүйек күні мектептерде қоңырау соғылады.1. Осы қоңырауды өзімізге ұнаған түспен бояймыз. 2.Қоңырауды құрастырады. |
Балалар педагогтің сөзін мұқият тыңдайды. Ту, Елтаңба, Гимн Қазақстан Республикасында Астана Балалар жаттаған тақпақтарын айтады. Музыка әуенімен бірге қимыл-қозғалыс арқылы жасап қайталайды. Балалар қоңыраудың суретін бояуға кіріседі. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметімізде қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Сендер өте жақсы қатысқандарың үшін сендерге әдемі қоңыраулар сыйлаймын. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Бекітемін:
МКҚК «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»
Меңгеруші______________Конысова Н.А.
1 қыркүйек – Білім күніне арналған
«Білімге ұмтылу,еңбек сүйгіштік ж/е патриотизм»
атты тәрбие сағаты.
Тәрбиешілер:Утемисова.А.
Макабылова.Н.
«Құлыншақ» ортаңғы топ
Талғар қаласы, 2020 жыл