Бекітемін:
МКҚК «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»
Меңгеруші___________Конысова Н.А.
Тақырыбы: « Білімге ұмтылу,
еңбексүйгіштік және патриотизм»
тәрбие сағаты
Тәрбиешілер: Шарбекова Г.
Салимбаева М.
Талғар, 2022 ж
Тақырыбы: «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және патриотизм»
Мақсаты:Балаларға 1-қыркүйек күні - білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Мерекелік көңіл күй сыйлау.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік,сұрақ-жауап
Шаттық шеңбері.
Достарды біз қолдаймыз,
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл-қыздар,
Тату-тәтті ойнаймыз.
Өлең шумақтарымен қосылып қимыл-қозғалысын жасайды.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі тәрбие сағатымыз біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде оқу қызметтер басталады. Бұл күн сендер үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.
Балалар, жақсы білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек.
Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең жолдарымен тәрбие сағатымызды жалғастырайық.
Тәрбиеші: Бүкіл елде басталып бүгін жыры,
Бақ қоңырау шақырар ұғымдыны.
Білім — ғылым бастауы, мерекелі
Құтты болсын бүгінгі Білім күні! (шапалақ).
Ойын:Ғажайып қоржын
Мақсаты:ғажайып қоржынның ішінен бірнеше заттар: ойыншықтар,оқу құралдары бар.Сол заттардың ішінен оқу құралдарын бір бөлек,ойыншықтарды бір бөлек жинап алу керек.(балалар оқу құралдары мен ойыншықтарды ажыратып,бөлек жинайды).
Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу іс - әрекетіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды. Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен барлығын үйренеміз. Бүгінгі оқу тәрбие сағатына жақсы қатысқандарың үшін көп рақмет. Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Сау болыңызд