Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Еліміздің еркіндігі- тәуелсіздік!»

Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.

Көрнекіліктер:

Қазақстан Республикасының туы елтаңбасы, Гимн.Тәуелсіздікке байланысты слаидтар,ойынға қажетті дидактикалық материалдар.

Әдіс-тәсілдері: Слайд,түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап,ойын.

Гимн орындалады.

Тәрбиеші: Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатымыз  ерекше болады. Себебі бүгін бізде үлкен мереке. Еліміздің тәуелсіздік алғанымызға 31 жыл толып отыр.Ендеше бүгінгі күнімізді Отанымызға арнаймыз.

Алдыменен жылулық шеңберімізге тұрайық.

Балалар:

Көк аспанда күн күлсін,

Бірге күлсін бүлдіршін.

Ұл қолында ту жүрсін,

Қыз қолында гүл жүрсін.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар,орындарыңа отырыңыздар.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қыс мезгілі.

Тәрбиеші: Дұрыс, қыс мезгілі. Қыс айларын атайық.

Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан.

 Тәрбиеші: Ал ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымызды сұрақ-жауаптан бастайық.

Кім айтады біздің еліміз қалай аталады? Біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Қазақстан елінде өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар.

Біз өз алдына бөлек Қазақстан деген тәуелсіз, егеменді елде өмір сүріп жатырмыз

Тәрбиеші: Президентіміз кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәрбиеші: Дұрыс!

Еліміздің Астанасы қай қала?

 Балалар: Астана

Тәрбиеші:  Астана  қаласында не бар?

Балалар: Астана  қаласында Бәйтерек бар!

Тәрбиеші: Дұрыс! Бәйтерек бар, ол біздің елдің символы.

Біз Астана қаласымен мақтана аламыз.

Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз.Әрине ол Тәуелсіздігіміздің арқасында.

-Балалар еліміздің рәміздерін есімізге түсіріп жіберейікші

Балалар: Ту,Елтаңба,Әнұран

Тәрбиеші:Мінекей балалар,бұл біздің рәміздеріміз.

Тәрбиеші: Сонымен, балалар біздер бүгінгі тәрбие сағатымызда  Отанымыз Қазақстан туралы, желтоқсан оқиғасының батырлары жайлы,

 Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы әңгімелестік.

Біз тәуелсіз елде тыныш өмір сүріп жатырмыз.

Аспанымызда әрдайым күніміз жарқырап тұрсын деген ниетпен бәріміз

  алақанымызбен күнің бейнесін саламыз .

Тәуелсіз елде тату-тәтті өмір сүрейік деген ниетпен бүгінгі Тәрбие сағатымызды  «Отаным» өлеңімен аяқтаймыз.     

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай балабақшасы» МКҚК

Меңгерушісі______________Қонысова Н.А.

 

Тәуелсіздік күніне арналған

 «Еліміздің еркіндігі- тәуелсіздік

   

атты тәрбие сағаты

«Құлыншақ» ортаңғы тобы

Тәрбиеші:Макабылова.Н

Утемисова.А

Талғар,2022-2023 оқу жылы