Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай – балабақшасы» МКҚК
менгерушісі Конысова Н.А
Тақырыбы:
атты тәрбие сағаты

«Жас ұлан « мектепалды топ
Тәрбиеші: Умбетова Н.Б
Талғар, 2022ж
Тақырыбы :« Қазақстан еліне саяхат».
Мақсаты:Балаларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері :
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
І. Гимн
ІІ. Хор: «Атамекен»
Елші:
- Өзі бұл жер қай ел екен, жөн сұрап білейін?!
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіз бе? Сіз кім боласыз? Қателеспесем, біздің елге басқа жақтан келгенсіз - ау деймін.
Елші:
- Мен ел аралап жүрген елшімін. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.
Тәрбиеші :
- Олай болса, қош келдіңіз! Қазір бізде 25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағат өткелі жатыр. Балалардан сұрап біліңіз.
Елші:
- Сәлем, балалар! Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар:
- Қазақстан Республикасы.
Елші:
- Президент кім?
Балалар:
- Қасым Жомарт Тоқаев
Елші:
- - Отандарыңның астанасы қай қала?
Балалар:
- Астана қаласы.
Елші :
- Елдеріңіз өзінің қандай қасиеттерімен айбатты?
Балалар:
- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.
Елші:
- Өте жақсы. Осы елдің бақытты ұл - қыздары екендеріңді қалай дәлелдейсіңдер?
Бағым : Әнұраным, жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мәңгі - бақи шырқалады
Республикам, Әнұраным
Нұриддин: Елтаңбасы елімнің
Неткен көркем, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.
Шахан: Жарасқан байрақтың мәні бар
Көк аспан, көк қыран сәні бар
Көк байрақ ашық көк кеңісін
Алтын күн – белгісі жеңістің.
Ән: «Ойнаймыз да күлеміз»
Тәрбиеші:
- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер . Онда Отан дегеніміз не?
Балалар:
- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.
Әмина :
Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың
Отан - өлкең, астанаң
Отан – аудан, ауылың.
Би. «Қаражорға» биі
Тәрбиеші :
- Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. . Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек.
- Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы оқығандарың, тәртіпті бала болғандарың.
- Ал, балалар, біз Отан туралы нақыл сөздер білеміз бе?
Нақыл сөздер.
- Отан – оттан да ыстық.
- Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі.
- Отан үшін отқа түс, күймейсің.
- Оз елің алтын бесік.
- Халқын сүйген, салтын сүйеді.
- Туған жердің қадірін шетте жүргенде білерсің. Арайлым.
Тәрбиеші : Балалар, егер біз Отанымызды сүйетін болсақ, оның мемлекеттік тілін жақсы білуге міндеттіміз. Мемлекеттік тіліміз қай тіл?
Мирас: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құрметте.
Қасым: Мен оның күнін сүйем,
Түнін сүйем.
Мен оның құдіретті
Тілін сүйем.
Алиасқар :: Қазақстан халқының
Қазақ тілі тірегі
Ана тілінде айтылар
Әнұраны, жүрегі.
Тәрбиеші :
Мен қазақпын биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым өмірге қайта келдім
Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Жаса – жаса мәңгіге туған елім.
Осыменен «Жас ұлан» мектепалды тобының тәрбие сағатын аяқтаймыз.
Еліміз аман болып, балалар бақытты болсын !
Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы» МКҚК
менгерушіс Конысова Н.А
« Қазақстан еліне саяхат»
атты тәрбие сағаты
Тәрбиешісі : Умбетова Б.Б
«Аққу» мектепалды тобы
Талғар,2022 ж.