Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

  «Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»  МКҚК

Меңгерушісі  ________________ Конысова Н.А.

Тақырыбы : «Қош келдің жаңа 2023 жыл!»

Жаңа жылға  арналған  ертеңгілік

«Жас қанат» МАД тобы

Тәрбиеші : Тлеубаева Ж.

Талғар оқу жылы 2022-2023

Тақырыбы: «Жаңа жыл армысың!»

Мақсаты: Балаларға бұл мерекенің дүние жүзі бойынша барлық  халықтың  үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екенін ұғындыру. Жаңа әндер, тақпақтар жаттату, би үйрету.

Зал  мерекеге сай әдемі безендірілген, әсем әуен ойнап тұрады.

Барыс:  Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар?! «Күншуақ»тобының тәрбиеленушілерін қарсы алайық!

Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер шығады.  

Ән: «Аяз- Ата»

Ортаға Пошташы кіреді.

Пошташы:Сәлеметсіңдер ме балалар!Қалдарың қалай?

Аяз-ата сендерге хат беріп жіберді.Кәнекей сендерге соны оқып берейін.

(Поштасы балаларға хатты оқып береді)

Есік қағылып ішке мысық кіреді.

Мысық: Балалар бұнда не болып жатыр.Ой қандай әдемі болып кеткенсіңдер.

(Кейіпкерлер балаларға арнап ән айтады)

Би: «Аққала»

Барыс: Балалар бізде әсем шырша бар,бірақ шыршамыз көңілсіз тұр.

Мысық:Олай болса ортаға Аяз-Ата мен Ақшақарымызды шақырайық.

Балалар: Аяз-Ата,Ақшақар (3рет)

Аяз-Ата: Ақшақар қызым қарашы балалар қандай әдемі болып кеткен.Залдары да керемет безендіріліпті.

Ақшақар:Иа Аяз-ата дұрыс айтасыз.Бірақ біздің шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты.

Аяз-ата: Олай болса балалар кәнекей шыршамызды жағайық.

1-2-3 Шырша шымы жана түс

Аяз-ата:ООО жарайсыңдар балалар!!!

Ән: «Келді міне жаңа жыл»

Ақшақар:Олай болса Аяз-ата балалардың бізге арнап жаттаған тақпақтарын айтсан.

Тақпақтар:

Бексұлтан:

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Айжұлдыз:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Мунира:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Алихан:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Би билеп барлық бала жүр.

Ақшақар:Олай болса балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Би: «Аяз-Ата»

Әуен ойналып ортаға барыс сыйлық толы қорапты сүйреп шығады.

Мысық: Барыс бұл не сыйлық?

Барыс:  «2022 жыл-Балалар жылы» өтте керемет әрі,күшті өтті.Мен енді кетуім керек.Менің орнама Жаңа жыл Қоян жылын сендерге алып келдім.

(Қораптың ішінен қоян шығады)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп.

Бір жыл бойы сіздермен,

Дос болайық шаттанып.

Қасқыр:Қош келдің Қоян!

Ойын: Пима

Аяз-Ата:Балалар мен сендерге алып келген сыйлығымды табыстайын.

Қоян:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жылға жыл.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Күншуақ» тобының  «Жаңа жыл армысың» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!

Тексерілді:      

Бекітемін:

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»МКҚК

Меңгерушісі_________Конысова Н.А

Жаңа жыл мерекесіне арналған

«Жаңа жыл армысың»

атты ертеңгілік

Тәрбиеші:Рабатова К.

Музыка жетекешісі:Өмірбайқызы Айгүл 

«Күншуақ»ересек тобы

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы