Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»  МКҚК

Меңгерушісі  ________________ Конысова Н.А.

Тақырыбы : «Менің елім  - Қазақстаным!»
  Республика  күніне арналған тәрбие сағаты

Жас қанат» ересек топ

Тәрбиеші : Тлеубаева Ж.

Талғар оқу жылы 2022-2023ж

Тақырыбы: «Менің елім  - Қазақстаным!»
Мақсаты:Балаларға біздің Республика күні жөнінде түсінік беру. Балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан" туралы түсініктерін кеңейту.Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
Тәрбиелік  іс-әрекеттің көрнекілігі:   Қазақстан картасы, суреттер, слайдтар,
интерактивті тақта.
Блингвалдық компонент: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.
Іс-әрекет кезеңдері

Жылулық шеңбері
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Ал,кәнекей бәріміз
Сәлем дейік үлкенге,
Сәләмәтсіздер ме балалар!
Біз Қазақтың баласы
Дені сау салауатты
Біз-ұлттың болашағы
Білімді де сауатты!
Әнұран айту. (Барлығы орындарынан тұрып жүректеріне оң қолдарын қояды)
-Балалар біздің ұлтымыз кім?

-Қазақ
-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?
-Қазақстан Республикасы.
-Қазақстан қандай мемлекет ?
-Егеменді,тәуелсіз  мемлекет.
-Елбасымыз кім?
-Қасым-Жомарт  Кемелұлы Тоқаев
-Елорда бас қаламыз қай қала?
-Астана қаласы.
-Ал өзіміз қандай қаланың жанында тұрамыз?
-Талғар  қаласы.
-Ал Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?
-Татар,өзбек,корей,шешен,қырғыз,орыс т.б
-Олармен біз қалай тұрамыз?
-Тату тұрамыз.

-Ал енді айтыңдаршы Егемендігіміздің белгісі нелер?
-Рәміздеріміз. Ту ,Елтаңба,Әнұран.
 Тәрбиеші:Тудың түсі көгілдір. Ортасында күн. Күннің астында қыран құс. Оң жағында қазақтың ою-өрнегі. Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков. 
Елтаңбаның ортасында шаңырақ. Екі жағында тұлпар,жоғарғы жағында жұлдыз,астында «Қазақстан» деп жазылған. Елтаңбаның авторы- Жандарбек Мәлібеков. Шота Уалиханов

Балалардың орындауында тақпақтар:
Мунира
Құтты береке шаңырақ
Орын алған ол төрден
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген. 
 Раяна

Айнымайды   аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды. 
Айсұлтан

Елтаңбамыз ажарлы 
Әнұранымыз әуенді

Асқақ бола түссін!
Елдігіміздің белгісі – 

 Хор: «Менің елім Қазақстаным!»

Шығармашылық сәт:

Тәрбиеші:

Ал  енді балалар  тудың  суретін  бояп  ұйренеміз (дәстүрден тыс жұмыс жасаймыз). Мемлекеттік тудың ортасында отыз екі сәуле тараған, күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар. Ал тудың шетінде ұлттық оюлармен бейнеленген.
Сергіту сәті

Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уықтар боп иіліп
Шаңыраққа киіліп,
Киіз үйді тігеміз
Еліміздің аспаны ашық болсын!
Жерімізде гүлдер көп болсын! (Гүлді шашу)

Қорытынды:
- Сонымен балалар біздер бүгінгі тәрбие сағатымызда Отанымыз Қазақстан туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері жайлы әңгімелестік.

Біз тәуелсіз елде тыныш өмір сүріп жатырмыз.

Аспанымызда әрдайым күніміз жарқырап тұрсын деген ниетпен бәріміз жапсыру тақтаға шуақты күннің бейнесін жапсырайық.

Бүгінгі тәрбие сағатына жақсы қатысқандарың үшін барлықтарыңа рахмет!

Тексерілді :