Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 Тақырыбы: «Ұзтазым менің ,ұстазым !»

 Мақсаты: Ұстаз деген ұғымды балаларға түсіндіру. Өз ойларын жеткізе білуге баулу, тақпақ, өлеңдерді мәнерлеп оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін арттыру. Ұстаздар күніне арналған мерекені насихаттау.Балалардың тілдік, сөздік қорын байыту.Ұлкендерді сыйлауға  тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ұстаздың кім екенін .

Игереді : Шығармашылық жұмыс жасауды үйрету.

Меңгереді :Ұстаздар күнін.

Көрнекіліктер:Мерекелік безендіру, тақырыпқа сай көрнекілік суреттер.

                               Шаттық шеңбері:

                              Арайлап таң атырды ,

                               Күн шапағы шашылды.

                              Сәлеметсіздерме, балалар,

                             Саламатсыздарме. ұстаздар!

Тәрбиеші :

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

- Қазір жылдың күз мезгілі.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Күз мезгілінде үш ай бар.

-Қане атайықшы қандай-қандай?

-Қыркүйек, Казан, Қараша.

-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

-Күз мезгілінде күн салқын болады, жапырақтар сарғайып түседі.

-Күз мезгілінде қандай мереке бар?

- Білім күні.

-Жарайсыңдар балалар. Тілдер мерекесі бар.Осы күз мезгілінде болатын тағы бір мереке ұстаздар күні. Біздің бүгінгі осы мерекеге арналған «Ұзтазым менің ұстазым» деп аталады. Балалар, ұстаз дегеніміз кім? Сендер оны қалай түсінесіңдер?

-Ұстаз біздің екінші анамыз бізге білім. тәрбие береді.

Дұрыс айтасыңдар балалар.Біз балабақшаға келмей тұрып біздің бірінші ұстазымыз ол –анамыз. Ал балабақшада тәрбиешіміз, мектепте мұғаліміміз барлығы сендердің білім алуларыңа тәлім-тәрбие алуларың үшін еңбектенеді. Ұзтаз кімдерге сабақ берген?

-Әншіге де, жыршыға да, жүргізушіге де, бишіге де.

- Дұрыс, айтасыңдар балалар барлық маман иелері осы ұстаздың алдынан өткен. Балалар, ұстаздар туралы қандай жыр шумақтар білеміз? Қане, еске түсірейікші. Кім айтады?

 Жанали

Халқым жетсін мұратқа,

 Ұстаздарды ардақта.

Тәрбие жолын бастағың,

Ұстаз деген ұлы атта.

Айгерим

 Ұстаздардың анасы,

Балалардың панасы.

Ұстаздарды сүйеміз,

Әдеппен бас иеміз.

Қарақат

Қанатым талмайды,

Қиялым самғайды.

Ақын да, ғалым да,

Ұстазсыз болмайды.

Ерке

 Мереке күніңмен,

Құттықтап бүгін мен.

Ойыма ой қосам,

Сен берген біліммен.

Тосын сәт:«Білімпаз»

-Жарайсыңдар балалар. Балалар бізге қонақ келген сияқты. Салеметсіңбе, сіз кім боласыз?-Саламатсыңдарма балалар! Мен Білімпазбын бүгінгі мерекеге арнап өзімнің ұстаздарыма гүл шоқтарын бергім келген. Оны аяқтап үлгермедім, маған сендердің көмектерің керек.

-Балалар көмектесемізбе? Ендеше білімпазға гүл шоқтарын жасап көмектесейік.

Шығармашылық жұмыс: «Әдемі гүл»

Сергіту жаттығуы:

                                   Оң қолымда білезік,

                                   Сол қолымда білезік,

                                   Саусағымда сақина

                                   Санап көрші кәнекей,

                                   Бір, екі, үш (2 рет)

                                   Демаламыз жинап күш.

-Балалар, білімпаздың гүл шоқтарын беріп онымен қоштасайық.

Дидактикалық ойын; «Заттарды ажырат»

Балалар. Өткен ұиымдастырылған іс –әрекетімізде  өз ұзтаздарымызға арнап сыйлықтар дайындадық соларды табыстайық.

Қорытынды:

-Бүгін бізде қандай мереке?

-Ұзтаз деген кім?

-Бүгінгі ашық ұиымдастырылған іс –әрекетімізде  сендерге қай жері ұнады?

Жарайсыңдар ендеше біздің бүгінгі «Ұзтазым менің ,ұстазым!» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.        

         Тексерілді :

Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгеруші:________________Қонысова Н.А

Ұстаздар  мерекесіне арналған

Тақырыбы:

 «Ұстазым менің, ұстазым!»

атты тәрбие сағаты

Тәрбиешілері:   Тыныбекоа С

Шортанбаева Ж

«Ботақан» ортаңғы тобы

Талғар, 2022-2023оқу жыл