Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші _________Конысова Н.А
Тіл мерекесіне арналған
«Қазақ тілі - менің ана тілім »
«Балапан» кіші тобы
Тәрбиеші: Шарбекова Г.
Салимбаева М.
Талғар қаласы, 2022 жыл
Тақырыбы: «Қазақ тілі – менің ана тілім Қазақ тілі – менің ана тілім!»
Мақсаты: Балаларды туған тілін сүюге, ана тілінде сөйлеуге, құдірітін сезініп, қастерлеуге тірбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тіл мерекесі қай күні екенін;
Игереді: Ана тілін сүйіп, қорғауды;
Меңгереді: Ана тіліміз туралы тақпақтарды.
Тәрбиеші: Құрметті балалар бүгін тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатына қош келдіңдер!
Тіл қай елде де, қай ұлтта да болсын қастерлі ұғым.
Ана сүтімен бірге қалыптасады.
Гимн балармен бірге орындалады.
Тәрбиеші: Балалар, бізге қонақ келіпті!
Қонақ (Германиядан келген): Гутэн таг! Мен Германиядан келдім. Қазақша сөйлей алмаймын.
Қазақ тілін үйренейін деп едім.
Тәрбиеші: Балалар, қонақапен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Тірбиеші: Бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші.
Қонақ: Гермения – өте әдемі, шағын мемлекет.
Бас қаласы – Берлин. Табиғаты өте әдемі.
Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рақмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз, бізде тіл мерекесіне арналған тәрбие сағаты өтіп жатыр.
Бізге қонақ болыңыз.
Біз сізге өз еліміз – Қазақстан туралы айтып береміз. Балалар біздің бас қаламыз қалай аталады?
Балалар: Астана.
Тәрбиеші: Адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Тіл адамға бір-бірімен тілдесуге, сөйлесуге үшін керек.
Тіл арқылы адамдар қарым-қатынаста болады. Балалар сендер қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Біздің Ресдпубликамыз Қазақстанда да көп ұлттар тұрады.
Олар тату-тәтті өмір сүреді. Еліміздің мемелекеттік тілі – қазақ тілі.
Өз тілімізді біліп, құрметтеу керекпіз. Ал енді балалар тіл туралы, Отанымыз туралы тақпақтар тыңдайық.
Қонақ: Керемет балалар, жарайсыңдар! Сендерге үлкен рақмет. Мен сендермен қоштасайын, сау болыңдар!
(Балалар қонақпен қоштасады)
Тәрбиеші: Балалар енді тақтадағы суреттерге назар аударайық. Мынау күліп тұрған күннің көзі. Қараңдаршы не жетіспейді?
Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына сұрақтарға жауап беріп, күннің шуағын толықтырып, жабыстырайық.
Тәрбиешінің сұрақтары:
- Біз қай тілде сөйлейміз?
- Біздің ұлтымыз қандай?
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар өз жауабтарымен күннің шуағын толықтырады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар қараңдаршы, күннің көзі нұрланып шыға келді!
Ана тілім – қазақ тілім , туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
« Қазақ тілі – менің ана тілім ! » атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.