Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

«№7Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

меңгерушісі____________  Конысова Н.А.

Тіл мерекесіне  арналған  

«Республикам менің – Қазақстан!»

атты тәрбие сағаты

Тәрбиешілер:  Бекболова Н.

Толымбекова Д.

«Ақбота»  ересек тобы

Талғар қаласы, 2022ж

Тақырыбы: «Республикам менің – Қазақстан»

Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, қазақ тілін білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, суреттер, тапсырмалар.

Тәрбиеші: - Тіл - адамзат баласына тән ғажайып құбылыс. Адамзат қоғамының аясында халық, ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады. Әр ел өз тілі арқылы әлемді, дүниені, өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді. Тіл - халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл - біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Балалар, бүгін біз топқа бөлініп, тапсырмалар орындайық.

І топ: «Білгірлер».

Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».

ІІ топ:«Тапқырлар».

Ұраны: «Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».

Тәрбиеші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты! - демекші, балаларға төрелікті өзіміз беріп отырамыз.

-Ал, қанеки, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер!- дей келе қатысушыларға сәттілік тілеймін.

«Білім деген - биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген - ақылшың

Қиындықтан өткізер» - деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.

І бөлім. «Жедел жауап»

Сұрақтар:

1.ҚР-астанасы қай қала?

  1. Сен ұлтыңды айтшы?
  2. Сен қай қалада тұрасың?
  3. Тіл мерекесі туралы не білесің?

Р5ЕКЛАМА

ІІ бөлім. «Тіл - өнер»

І топ:

  1. Ең тәтті де тіл,…(ең ащы да тіл).
  2. Оқу-білім бұлағы, …(білім-өмір шырағы).
  3. Жүз сом ақшаң болғанша, …(жүз досың болсын).
  4. Білім таппай мақтанба, …(өнер таппай баптанба).
  5. Тіл - қылыштан …(да өткір).
  6. Отан …(оттан да ыстық).

ІІ топ:

  1. Шебердің қолы - ортақ, …(шешеннің тілі - ортақ).
  2. Отансыз адам-…(ормансыз бұлбұл).
  3. Ер жігіт елі үшін туады, …( елі үшін өледі).
  4. Мектеп-кеме, …(білім- теңіз).
  5. Жақсы жолдас- жанға серік, …(жаман жолдас-малға серік).
  6. Өнер алды- …(қызыл тіл).

ІІІ бөлім «Бәрін білгім келеді».

Суреттерді бояу. Суреттер салу.

ІV бөлім  Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

Балалар тақпақтарын айтады.

Қорытынды:

Тәрбиеші:

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шындарына, - дей келе өнерлерің өрге жүзсін, білімдерің шыңдала берсін! Жарайсыңдар, балалар! Сендер бүгінгі тәрбие сағатына жақсы қатыстыңдар. Сендерді марапаттаймын. Әрқайсың жұлдызсыңдар, сондақтан жұлдызша ала қойыңдар.

Балалар қуанып, өте көңілді болды.