Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 Бекітемін:
«№7 Айгөлек бөбекжай -балабақшасы» МКҚК
меңгеруші:________________Қонысова Н.А

Тіл мерекесіне арналған

Тақырыбы:

 «Ана тілі-ұлт болашағы

атты тәрбие сағаты

Тәрбиешілері:  Тыныбекова.С

Шортанбаева .Ж

«Ботақан» ортаңғы тобы

Талғар, 2022-2023оқу жыл

Тақырыбы: " Ана тілі-ұлт болашағы "

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік  беру, білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой-өрісін, сөздік қорын дамыту. Туған  халқының тілін қастерлейтін саналы да, парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:
Біледі
: өз тілі туралы ұғынады, тілдің маңызды екенін біледі.
Игереді: Өз тілінде анық еркін сөйлей алуды.
Меңгереді: өз елінің ұлттық құндылықтарын

Тәрбиеші : Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым. Ана тілі – адамның жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім,-дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Ана тілі-ұлт болашағы»  атты  тәрбие   сағатына  қош келдіңіздер.

Жүргізуші: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Қазақ  ұлтының ана тілі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. «Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі»,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі болуы керек. Тіл - ұлттың жаны.Ол халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.

Ендеше  ертеңгілігімізді бастамас бұрын мен сендердің білімдеріңді тексеріп алайын.

  • Біздің ұлтымыз кім?
  • -Қазақ
  • Біз қай тілде сөйлейміз?
  • -Қазақша
  • Біздің елімізді кім басқарады?

-Президент . Қасым-Жомарт Тоқаев

  • Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
  • -Нұр-Султан
  • Балалар біздің ұлтымыз қазақ,өзіміз қай тілде сөйлейміз?
  • -Қазақша
  • Біздер бүгін қай мерекені тойлап жатырмыз?
  • -Қазақ тіл мерекесін
  • Мерекеге байланысты тақпақ білесіңдер ме?
  • -ия

Жарайсыңдар, балалар, енді кешімізді одан әрі жалғастырайық.Осы тіл туралы кім тақпақ біледі

Төре

  Қазақстан  халқының

  Қазақ тілі –тірегі

 Ана-тілде айтылар

Ән  ұраны жұрегі

Айгерім

Мәртебесі тілімнің

Биік болсын халайық

Достығымыз  жарасып

Қосылып ән салайық

Таңат

 Ана тілің –арың бұл

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тілің құрметте

Жанали

Ана-тілім ұраным

Ана-тілім құраным

Ана тілім болмаса ,

Мықты болмас тұрғаным

Аяна

Өсірген ой –білімді

Суйген туған тілімді

Мақсат  етем әр сөздің

Мәнін терең білуді

Слайд.  Қазастан Республикасы

Тәрбиеші

Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері» дегендей қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік. Осымен құрметті ұстаздар,сүйікті бүлдіршіндер, «Ана тілі-ұлт болашағы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Қорытынды

Сұрақ-жауап арқылы балалардың білімдерін пысықтау.