«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы» МКҚК
меңгерушісі______________Конысова Н.А
Тіл мерекесіне арналған
«Қазақ тілі- менің ана тілім!»
атты тәрбие сағаты
Тәрбиешілері: Мыркасымова.М
Токсейтова.А
«Бөбек» кіші тобы
Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы
Тақырыбы: «Қазақ тілі- менің ана тілім!»
Мақсаты: балаларды туған тілін сүюге, оны қорғауға, туған тілінің құдіретін сезінуге, ана тілін, ұлтын қастерлеуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Құрметті балалар, қонақтар, бүгін сіздер тіл мерекесіне
арналған тәрбие сағатына қош келіпсіздер! Тіл қай ұлтта да, қай елде де қастерлі ұғым, ана сүтімен бірге еніп қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
Білді: Тіл мерекесі қай күні екендігін;
Игерді: Өз ана тілін сүюді, оны қорғауды, туған тілінің құдіретін;
Меңгерді: Ана тіліміз туралы тақпақтарды.
Гимн: барлық балалардың орындауында.
Тәрбиеші: Балалар,бізге қонақ келіпті.
Қонақ (Германиядан келген):
Гутэн таг! Мен Германиядан келдім! Кешіріңіз, мен қазақша
сөйлей алмаймын. Қазақша үйренуге келдім.
Тәрбиеші:Балалар, қонақпен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіз бе?
Тәрбиеші: Сіз бізге өзіңіздің туған жеріңіз туралы айтып беріңізші?
Қонақ: Германия- өте әдемі, шағын мемлекет. Бас қаласы Берлин
деп аталады.Табиғаты өте әдемі. Мен өзімнің туған жерімді сүйемін.
Тәрбиеші: Рахмет. Сіз қазақ тілін үйреніп жүрсеңіз,бізде тіл
мерекесіне арналған тәрбие сағаты өтіп жатыр.Қонақ болыңыз!
Біздің балалар Қазақстан туралы сізге айтып береді.
Тәрбиеші: Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Біздің елордамыз қалай аталады?
Балалар: Нұр-Сұлтан.
Тәрбиеші: Балалар, адамға тіл не үшін керек?
(Балалардың жауабы)
Тәрбиеші:Дұрыс, тіл адамдарға бір-бірімен тілдесуге, сөйлеу
үшін керек. Тіл арқылы адамдар бір- бірімен қарым-қатынаста
болады. Біздің Республикамыз Қазақстанда көп ұлттар тұрады,
олардың барлығы тату-тәтті өмір сүреді.
Тәрбиеші: Балалар қандай ұлттарды білесіңдер?
(Балалардың жауабы.)
Тәрбиеші: Дұрыс, айтасыңдар,балалар! Осы халықтар Қазақстанда
тұрса да өз тілдерінде еркін сөйлесе алады. Бірақ Қазақстан Республикасында тұрғаннан кейін, біздің мемлекеттік тіліміз- қазақ тілі болып есептеледі. Осы тілді біз білуіміз керек, құрметтеуіміз керек. Ал, қазір,балалардың тіл туралы, біздің Отанымыз туралы тақпақтарын тыңдайық.
Т. Айша:
Ана тілің, арың бұл.
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің, бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Бекәлі:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың бауырың.
Отан – өлкең астанаң,
Отан – аудан, ауылың.
Айша:
Жанымнан да қымбат,
Ана тілім маған.
Ана сөзін тыңдап,
Үлгі, өнеге алам.
Сальсабиль:
Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Әлинұр:
Ана тілім-ардағым,
Білмегенің арғамін.
Құстардағы салады,
Өз тілінде таңғыәнін.
Сайдулла:
Өсірген ой – білімді,
Сүйем туған тілімді.
Санжар:
Тілің-қымбатқайда да,
Сүйсін тілін әр бала.
Ана тілі жеткізер,
Көк аспанға,айға да.
Қонақ: Маған өте ұнады. Жарайсыңдар, балалар! Сендердің өнерлеріңді көрдім, рахмет сендерге. Сау болыңдар, балалар!
(Балалар қонақпен қоштасады)
Тәрбиеші: Балалар, тақтадағы суретке назар аударайықшы.
Бұл күліп тұрған күннің көзі.
-Не жетіспейді?
Балалар: Күннің шуағы жетіспейді.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Олай болса, сұрақтарға жауап беріп,
күннің шуағын толықтырып жапсырайық.
Балалардың жауабы:
1.Тіл не үшін керек?
2. Біздің Отанымыз қалай аталады?
3. Елордамыз қалай аталады?
4. Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?
5. Біздің ұлтымыз қандай?
6. Біз қай тілде сөйлесеміз?
7. Біз әртүрлі ұлттармен қалай тұрамыз?
(Балалар күннің шуағын толықтырады.)
Тәрбиеші: Балалар, қараңдаршы, күннің көзі күлімдеп шуағын шашып, нұрланып шыға келді.
Ана тілім – қазақ тілім туған тіл,
Қасиетті тіліміздің бәрін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар,
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
«Қазақ тілі- менің ана тілім!» атты тәрбие сағатымыз осымен аяқталды.
