Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұйымдастырылған  іс -әрекет: Сауат ашу,сөйлеуді дамыту, жапсыру.
Тақырыбы:  «Тт  дыбысы мен  әрпі»
Мақсаты:«Тт дыбысымен таныстыру. Т дыбысына тіл ұстарта отырып, «Тт» дыбысының айтылу артикуляциясын меңгерту және сөз құрату, буын ішінде бекіту, дыбыстық талдау жасату. Мнемотехника тәсілі  бойынша әңгіме құрай білу арқылы тілін дамыту. Оқуға, білімге деген қызығушылығын оята отырып,түстерді сәйкестендіре жапсыра білуге,ермексаздан сөз құрап жазуға   дағдыландыру. Достыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері: Топтастыру, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: белсенді   тақта, үлестірмелі материалдар, дәптер,кесінді әріптер.

Іс-әрекет кезеңдері

Педаготың іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Шаттық шеңбері :Шеңберге біз тұрамыз,Ағаш үйді  құрамыз.Кереге болып керіліп,Уық болып иіліп,Киіз үйді құрамыз.                         Әдеппенен  әрқашан,Амандасып аламыз                            Сәлеметсіздерме  !                                    Қайырлы күн достар !.

Балалар осы шеңберде ойын ойнағыларың келе ме?

-Ендеше «Кім зерек» ойынын ойнайық, мен сіздерге сұрақ қоямын, сұрағыма дұрыс жауап берулеріңіз керек.

Балаларды үш  топқа бөлу:

1-топ-«Талшын»

2-топ –«Көгершін»

3-топ – «Таусоғар»
Жарайсыңдар балалар қане бәріміз орнымызға отырайық.

Біз өткен ұйымдастырылған  іс-әрекетімізде  қай әріппен таныстық есімізге түсірейік.                                             А   дыбысы және әрпімен танысқан болатынбыз.                             -Дұрыс айтасыңдар балалар.
«А»дыбысынан келетін  сөздерді кім айтады?
Әріптертер мен дыбыстарды қалай ажыратамыз?
Арыстан

Сөзінбуынғабөлеміз ?
Неліктен 3 буын?
- ұйымдастырылған іс-әрекетімізді   бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырамын.

 

Жұмбақ  :

Таста бар,
Құмда жоқ.
Тауда бар,
Бауда жоқ (Тт)

 

Тілде бар,
Тастажоқ.
Тісте бар,
Көздежоқ (Тт)

 

-Балалар жұмбақтың шешуі қандай дыбыстан басталып тұр?

 

Тақтада ненің суретін көріп тұрмыз?
Бұл сөздердің барлығында бірінші қандай дыбыс естіледі?
Т-дыбысы-Қане олай болса қызықты ойын ойнайық.

 

Дамытушы  ойын : «Әріптерді  жинау»

 Осы әріптерден  сөздерді құрастыру,дыбыстық, әріптік талдау жасау,қабілеттерін  дамыту. Ойын  материалдарымен   көрнекі құралдар, балалар саны бойынша  бейнеленген  алфавиттен  теріп,сөз  құрайды. Дұрыс жазылған сөз үшін  топ   бір ұпай алады. Ойының соңында көп  ұпай  жинаған топ жеңеді.

«Айна» ойыны: дыбыс артикуляциясын қою, көз жеткізу.Бәріміз бірге Т дыбысын айтып көрейікші. Не байқадыңдар?Тдыбысы қалай айтылып тұр?

Т  дыбысы кедергімен айтылады. Сондықтан дауыссыз дыбыс болады.Т дыбысы қатаң дауыссыз дыбыс. Бейнежазбадан Т дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру.

Т – қатаң, дауыссыз дыбыс.          Дәптермен жұмыс:1-тапсырма: Суреттегі заттарды ата. (Тана, ата) сөзін жазып талдау жасау.                          2-тапсырма:Терек, тас сөздеріне  дыбыстық талдау жаса

3-тапсырма : Кеспе әріптерден  терек ,  текемет сөзін  құра. Ермексаздан  төл сөзін жаз.

4-тапсырма :Мнемотехника тәсілі  бойынша әңгіме құрау.

Сергіту сәті :Орнымыздан  тұрайық, Қолымызды жазайық,                    Құс боп ұшып аспанға Қанатымызды  қағайық,                 Көбелек болып айналып,Гүлге келіп қонайық.

Кері байланыс : балалар кеме суретін жапсыру арқылы  үш түсін тандай отырып өздерінің түсінгендерінді  бағаландар.

Балалар бірге қайталайды.

 

Балалардың  жауабы.

 

«Аа» дыбысы бар  сөздер айтады

 

Алма,ағаш,ата,апа т.б

 

Балалардың жауабы.

 

 Балалардың  жауабы

 

Балалар суреттен көрген заттарын айтады.

 

Бірге қайталайды.

 

Қимыл-қозғалыс арқылы жасайды

 

Дәптердегі тапсырмаларды орындайды.

 

 

 

Рефлекциялық – түзетушілік.

Біз бүгін қандай дыбыспен таныстық?
«Тт» дыбысы дауысты ма дауыссыз ба?

Бүгнгі ұйымдастырылған  іс- әрекеті   ұнадыма ?

Балаларды   марапатту .

Сұрақтарға жауап береді.

Тексерілді :

«Бекітемін»

«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК

Менгерушісі :  Конысова Н.А  

Тақырыбы:

ашық  көрсетілім.

Тәрбиешісі: Умбетова Б.Б

«Аққу» мектепалды  топ

 Талғар,2022ж.