Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
«Алматы облысы Білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

 Тақырыбы: «Қош келдің жаңа 2023жыл!»

Мақсаты: Балаларға бұл мерекенің дүние жүзі бойынша барлық  халықтың  үлкен көңілмен қарсы алатын ерекше мереке екенін ұғындыру. Жаңа әндер, тақпақтар жаттату, би үйрету.

Қатысушылар: әр түрлі маскарад киімін киген балалар,Барыс, Маша, Панда, Аю, Қасқыр, Қоян, Аяз ата, Ақшақар.

 Барыс:Сәлеметсіңдер ме құрметті қонақтар?! «Бөбек»тобының тәрбиеленушілерін қарсы алайық!

Музыка әуенімен қолдарына бұлғап бүлдіршіндер шығады.  

Ән: «Жаңа жыл»

Ортаға Маша кіреді.

Маша:Сәлеметсіңдер ме балалар!Қалдарың қалай?

Әуен ойналып ортаға Панда жүгіріп шығады.

Панда:Жоқ Маша ол менікі,сен оны маған бер.

Маша:Жо-жоқ бермеймін.

Аю: Ой балалар бұларың не,бұлай болмайды.

Панда:Аяғым,аяғым........

Әуен ойналып Қасқыр келеді.

Би: «Аяз ата»

Аю:Кәнекей Маша,Панда,Қасқыр балаларға арнап бір билеп берейік

(Кейіпкерлер биі)

Барыс:Балалар шыршамызға қараңдаршы,шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты.

Панда:Барыс балалар шыршаға арнап «Шарша жырын» айтып берсе шыршамыз жанатын шығар.

Ән: «Шырша» жыры

Аяз-ата: Ақшақар қызым балалар шырша туралы керемет ән айтып жатыр екен.Қандай керемет,бірақ шыршамыз көңілсіз.

Ақшақар:Аяз-ата олай болса балалармен бірге шыршаны жағайық.

1-2-3 Шырша шамы жана түс.

Ақшақар:Олай болса Аяз-та балалардың бізге арнап жаттаған тақпақтарын айтсан.

Тақпақтар:

Жанали:

Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Аяна:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Медина:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Нұрай:

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Би билеп барлық бала жүр.

Алдияр:

Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
Дияр:

Аяз ата келі тұр,

Бізге сәлем  бері тұр.

Сақалының ұзын – ай,

Кесіп алсам шіркін-ай.

Би: «Қояндар»

Әуен ойналып ортаға барыс сыйлық толы қорапты сүйреп шығады.

Маша: Барыс бұл не сыйлық?

Барыс: Машажан «2022 жыл-Балалар жылы» өтте керемет әрі,күшті өтті.Мен енді кетуім керек.Менің орнама Жаңа жыл Қоян жылын сендерге алып келдім.

(Қораптың ішінен қоян шығады)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Мен тұрмын қуанып,

Шаттыққа бөленіп.

Бір жыл бойы сіздермен,

Дос болайық шаттанып.

Қасқыр:Қош келдің Қоян!

Қоян:

Жаңа жылды қарсы алып,

Жасаймыз той жылда біз.

Жарқын, жарқын ән салып,

Жалғасады жылға жыл.

Жаңа жылда алдағы,

Көңіл өсіп кеңейсін.

Ортақ ойы арманы,

Жақсы дәстүр көбейсін- деп бүгінгі «Бөбек» тобының  «Жаңа жыл армысың» атты ертеңгілігі осымен аяқталды. Сіздерге көп-көп рахмет!

                                                                           Бекітемін:

                                          «№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы»МКҚК

                                       Меңгерушісі_________Конысова Н.А

Жаңа жыл мерекесіне арналған

«Жаңа жыл армысың»

атты ертеңгілік

Тәрбиешілер: Шортанбаева Жазира

Тыныбекова Светлана

Музыка жетекешісі:Өмірбайқызы Айгүл

«Ботақан» ортаңғы тобы

Талғар қаласы, 2022-2023 оқу жылы