«Бекітемін»
«№7 Айгөлек бөбекжай- балабақшасы» МКҚК
Меңгерушісі:Конысова Н.А
Жаңа жыл мерекесіне арналған
атты ертеңгілік
«Ақбота» ересек тобы
Тәрбиешілері: Бекболова Н.
Толымбекова Д.
Муз.жетекшісі: Масипова М.Қ.
Талғар, 2022-2023ж
Тақырыбы: «Қош келдің, Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру.
Көңіл күйлерін көтеру. Шырша әсемдігін, қыс келбетін сезіну.
Жақсылыққа, достыққа, бір-біріне бауырмалдық көрсете білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті, қонақтар және біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз!
Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа жыл әр отбасына табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін!
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп, алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін,
Бәрімізге келер жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да.
Қол соғып қарсы алайық,
Шақырайық ортаға,
Ертеңгілік басталсын
«Ақбота» тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады).
-Балалар, біздер ертегі әлеміне келіп қалыппыз ғой,
қараңдаршы мына жерден нені көріп тұрсыңдар?
-Шырша.
-Ендеше, біз осы жерде Жаңа жыл мерекесін тойлайық.
Жүргізуші:
Ой, балалар, мұнда кім жүр?
(Шыршаның артынан бауырсақ шығады.)
Бауырсақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Аяз ата балаларға апара жатқан сыйлықтар салынған қоржынын жоғалтып алыпты, сендер көрген жоқсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бауырсақ: Олай болса, мен басқа жерлерден іздеп келейін.
Жүргізуші: Балалар, бәріміз шыршаның жанына жиналып қалған екенбіз, ендеше, бірге ән салайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші: Бұл кім болды екен?
Қасқыр: Кім дегенің қалай?
Жүргізуші: Қасқыыыр!
Қасқыр:
Адам мені қасқыр деп,
Қас албасты басқыр деп,
Қатал үкім шығарған:
Қасқыр көрсең, басқа ұр! -деп.
Сұрғылт тартқан түсім бар
Ақсиған көп тісім бар,
Батырлардай күшім бар.
Жүргізуші: Солай ма? Сен бұл жерге қалай келіп қалдың?
Қасқыр: Мен сендердің мерекелеріңе әдейілеп келдім. Ал, сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Оны қайтейін деп едің?
Қасқыр: Жай, менің қарным ашты, ой айтып қойдым ғой.
Жүргізуші: Қасқыр, мұның не? Мерекеде бір-біріміздің көңілімізді көтеріп, шырша тойын тату-тәтті тойлайық.
Қасқыр: Мен бәрі бірде оны жеймін.
Жүргізуші: Қасқыржан, оданда балалардың жаңа жылға арналған өнерлерін тамашала.
Барыс жылы: Иә, қасеке, кел екеуміз балалардың өнерлерін бірге тамашалайық.
Би: «Қыс қызығы»
Тақпақтар:
Аю: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер бауырсақты көрген жоқсыңдар ма?
Жүргізуші: Сен мұнда қайдан жүрсің? Неге іздедің бауырсақты? Аю:
Жаңа жылдың алдында,
Тойды еске алдым да,
Ұйқымды ашып, сергідім.
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық,
Би билеп, ән салайық.
( Әуенмен түлкі кіреді.)
Түлкі:
Қасқыржанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Қасқыр: Аман ба, түлкі, кел мұнда.
Аю:
Рахмет, түлкіжан,
Жүрген жерің күлкі, ән!
Түлкі:
Достарым, жыл келеді,
Сыйлығын ол береді.
Тауып өз сыңарымды,
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Жүргізуші: Балалар, біздің мерекеге кімдер жетіспейді. Қанекей,
бәріміз бірге дауыспен Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.
Аяз ата, Ақшақар! (3 рет айтады.)
Аяз ата: Сәлеметсіңдер ме, балаларым!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем жырларың.
Асулармен алысқан,
Асау желмен жарысқан,
Аталарың сендерге
Шаршап келді-ау алыстан.
Өздеріңе оралдым,
Бар сыйлығым-жоралғым.
Керемет бір ән тыңдап
Келіп тұр-ау дем алғым.
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіндірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Ақшақар: Балалар, шыршаның шамын жағып алайық, қанекей бірге.....
Шырша, шырша,
Қуаныш ол жалпыға.
Сүйікті шыршамыз,
Жарқыра, жарқыра!
Тақпақтар:
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар, біздің сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Гномдар»
Барыс жылы: Достарым, барлығымыздың басымыз бірігіп қалған екен.
Бойымыздағы жаман әрекеттерді ұмытып, мерекеде би билеп, көңіл көтерейік!
Жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың, барысжан!
Би: Флешмоб
Барыс жылы: Ал, достар меніңде кететін уақытым келді.
Сендермен бір жыл бірге болдым. Менің жылымда жақсы жаңалықтар болып, естеліктер қалды.
Жыл айналып келгенімше, аман болыңдар!
( Жаңа жыл ортамызға келеді).
Қоян жылы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен жаңа жылмын,
Мен жаңа нұрмын.
Нұрымды да, жырымды да
Өздеріңе төгейін.
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп,
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Ойын: « Сиқырлы таяқ»
Жүргізуші: Қоянжан, балаларымыздың тақпақтарын қабыл ал.
Тақпақтар:
Жүргізуші:
Әуеледі әніміз,
Жаңа кірді сәніміз,
Ақ қоянды ортаға алып,
Ән шырқайық бәріміз.
Ән: «Жаңа жыл»
Бауырсақ: Ата, ата маған көмектесіңіз. Мен сіздің қоржыныңызды тауып алдым.
Аяз ата: Жарайсың, бауырсақ! Мен балаларға не беремін деп ыңғайсызданып тұр едім, сен мені құтқарып қалдың. Көп рахмет саған!
Қоянжан, қасқыр, аю, түлкіжан сендер бұдан кейін бауырсаққа тиісуші болмаңдар! Барлығың бірге дос болыңдар! Жарайсыңдар, балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Балапандар, өздерің қандай өнерлі, ақылды, тәртіпті баласыңдар! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал,енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді).
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет! Жаңа – жыл сіздерге тек қуаныш, бақыт, денсаулық алып келсін!
