Новости
Бекітемін
«№7 Айгөлек бөбекжай-балабақшасы» МКҚК
Меңгеруші __________Конысова Н.А.
Тіл мерекесіне арналған
«Ана тілі - ұлт болашағы!»
атты тәрбие сағаты.
«Балауса» ересек тобы
Бижанова Ш.
Зарерова А.
Талғар қаласы, 2022 жыл
Тақырыбы: «Ана тілі- ұлт болашағы!»
Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру. Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, электронды қазақ үй.Әдіс-тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап, алдын ала жұмыстар.
Жылулық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын шуақ таратты.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.
Балалар: Күніміз жарық болсын!Аспанымыз ашық болсын! Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! Досымыз көп болсын! Балабақшамыз жайнап тұрсын! Нанымыз көп болсын!
Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тәрбие басы- тіл»,-деп бастайық. -Біз қай мемлекетте тұрамыз ? ---ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?
-Қазақ тілі
Еліміздің әнұранын орындайық.
Балалар әнұранды орындайды.
-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Каусар:Ана тілің біліп қой,
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
Еркеназ:Қымбат маған ана тілім, бал тілім,
Қымбат маған дана тілім, ар тілім.
Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,
Ана тілім ардақ тұтар алтыным.
Аяулым:Ана тілін жырлап өткен талайлар,
Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар.
Қасиетті менің ана тілімде,
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.
Т.Мариям:Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Жігер:Сәлем бердім, саған елім,
Тал бесігім, туған жерім.
Сәлем бердім бәріңізге
Қазақ тілі» - дегендердің
Нұрали:Тәуелсіз Қазақстанның,
Бал тілді бүлдіршінімін.
Мерекесін тілімнің,
Тойлаушының бірімін.
Хамза:Қазақстан халқының,
Қазақ тілі – тірегі.
Ана тілде айтылар,
Ән ұраны – жүрегі.
Нұрсана:Өсірген ой – білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
Дігәрбек:Қазақстан халқының,
Қазақ тілі тірегі.
Ана тілде айтылар,
Әнұраны жүрегі
Айгерім:Бұл менің ұлтты сүйген өздік ойым.
Өз тілімде керемет ақыл –ойым.
Қасиетті қазақ тіл – бабам тілі,
Ол тарих, сенің, менің абыройым!
Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.
Тіл тас жарады,
Тас жармаса бас жарады.
Ойнап сөйлесең де
Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді,
Таяқ еттен өтеді.
Өнер алды — қызыл тіл.
Жақсы сөз – жарым ырыс.
Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.
Би: «Қара жорға»
Жұмбақ шешу:
Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз)
Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама (Кітап)
Жағалай-жағалай тас қойдым,
Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)
Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)
-Балалар,бүгін бәрің жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге.
Сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары,
бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.
Балалар:
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық.
It is a long established fact that a reader will be distracted by the readable content of a page when looking at its layout. The point of using Lorem Ipsum is that it has a more-or-less normal distribution of letters, as opposed to using 'Content here, content here', making it look like readable English.
Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry's standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and scrambled it to make a type specimen book. It has survived not only five centuries, but also the leap into electronic typesetting, remaining essentially unchanged.

Lorem Ipsum is simply dummy text of the printing and typesetting industry. Lorem Ipsum has been the industry's standard dummy text ever since the 1500s, when an unknown printer took a galley of type and scrambled it to make a type specimen book.